8 айдан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған «Анаммен бірге» тобының бағдарламасы

Білім беру мақсаты: 3 жасқа дейінгі балалардың психофизикалық, тұлғалық және интеллектуалдық  дамуын  қамтамасыз ету үшін отбасы мен педагогтардың күш-жігерін біріктіру.  Монтессори-топтарынан күтілетін әсерлердің бірі – танымдық қызметке жоғары мотивация, ауруларға қарсы психосоматикалық  себептердің болмауы  немесе жоғалуы.

 

Бағдарламаның  психологиялық-педагогикалық  негіздемесі:

Монтессори тобындағы баланың негізгі қызмет түрі – еркін жұмыс. Арнайы дайындалған ортада баланың  еркін жұмысын дұрыс ұйымдастырудың нәтижесінде, бала өзінің ішкі әлеуетін барынша  пайдаланады, өзін-өзі дамыту механизмін іске қосады, ішкі үйлесімділік пен өзін-өзі тәртіпке келтіру күйіне жетеді, бұл жоғары белсенділікке, тұрақты оң өзін-өзі бағалауға алып келеді.

 

Топтың жұмысын ұйымдастыру: Бұл бағдарлама баланың 3 жасқа дейінгі «Анасы немесе әкесімен бірге»   1,5 сағат болуын қарастырады. Бала үшін анасының немесе әкесінің қатысуы және олардың моральдық қолдауы өте маңызды. Ал аналар мен әкелер өз балаларына мұқият қарап, олардың жетістіктеріне қуанып, әрқашан педагогтың білікті кеңесін ала алады және біраз уақыттан кейін жаңадан келгендерге топқа қосылуға, оның ережелерін қабылдауға, дамытушы ортаны меңгеруге тамаша көмектеседі. Сабақ барысында  жеке және топтық жұмыс алмастырылады. Еркін жұмыстан кейін педагог балаларды шеңберге жинайды.

 

Ата-аналарға арналған оқыту сабақтары:

Кіріспе. Ата-аналарға арналған сабақтар алдын ала өткізіледі. Сабақ барысында Мария Монтессори әдістемесі туралы айтылады, негізгі Монтессори материалдарының презентациялары өткізіледі.

 

Сабақтар барысында.  Көбінесе педагог баламен ата-ана арқылы жұмыс істейді. Педагог  аналарға  баласына қандай материалды ұсынуға болатынын айтады. Ата-анамен бірге қателіктерді талдай отырып, оларды мұқият көрсетіп, түзетеді. Презентациялар  өткізеді.

 «Анаммен бірге» тобы клубтық нұсқадағы сабақтарды қамтиды, яғни балалар аптасына бірнеше рет күніне 1,5-2 сағатқа келеді. Сабақтар ананың немесе басқа жақын ересектің тұрақты қатысуымен өтеді. Бала арнайы дайындалған ортаны анасының көмегімен белсенді түрде меңгереді. Уақыттың көп бөлігін бала дамытушы  материалдармен  еркін  жұмыспен айналысады.

«Анаммен бірге» тобының ортасы келесі бөлімдерден тұрады:

1. Белсенді қозғалыс;

2. Себеп-салдарлық байланыстарды меңгеру;

3. Ұсақ моториканы дамыту;

4. Сумен жаттығулар;

5. Сенсорлық даму;

6. Сөйлеуді дамыту;

 7. Қолданбалы шығармашылық.

Педагог балаға материалды таңдауға көмектеседі, сезімтал кезеңге және баланың мүмкіндіктеріне сәйкес келетін жаттығуды ұсына алады, материалмен жұмыс істеу әдістерін және қателіктерді бақылау әдістерін көрсетеді. Бұл ретте жаттығулардың қайталану санын таңдау, жұмыс ұзақтығы, қателіктерді бақылау және түзету баланың өзіне байланысты болады. Педагог тек материалды мақсаты бойынша пайдалануды, жұмысты аяқтағаннан кейін оны орнына қайтаруды, жұмыс істеп тұрған баланы әртүрлі кедергілерден қорғауды бақылайды.