Біздің Монтессори «Бала би» бөбекжай – балабақшамыз - бұл мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқыту қызметімен айналысуға мүмкіндік беретін мекеме болып табылады. Біздің тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу 10 сағаттық болу жағдайында, бес күндік жұмыс тəртібімен жүргізіледі (сенбі жəне жексенбі – демалыс күндері).
«Бала би» бөбекжай - балабақшасы жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің білім беру бағдарламасы - мемлекеттік стандарттың талаптарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін М.М бағдарламасы болып табылады. «Өмірдегі ең маңызды кезең - университетте оқитын уақыт емес, ең ерте, яғни туылғаннан алты жасқа дейінгі кезең. Өйткені бұл адамның ең маңызды құралы – интеллектісі, оның психикасының барлық мүмкіндіктері қалыптасатын жас. Сондықтан біздің Монтессори «Бала би» бөбекжай – балабақшамыз баланың дамуының негізгі іргетасын Монтессори əдісі арқылы қалыптастырады.. Монтессори əдісінің мəні –баланың психологиялық қажеттіліктеріне сəйкес келетін, логикасы бар дайындаған ортаға орналастыру, баланы өзін-өзі тəрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға жəне өзін-өзі дамытуға итермелеу. Дайындаған орта – бұл педагог жасаған əртүрлі, қызықты балалар үшін қолжетімділікте орналасқан, заттық-кеңістіктік орта. Монтессори тобында бала, ең басты орын алады. Ол үнемі өзін-өзі тануға, басқаруға үйренуге , өзін жүзеге асыруға, құрдастарымен жəне ересектермен қарым-қатынас жасауға, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік алады. Бала жұмысты өз қажеттіліктері мен қалауларына сəйкес өзі таңдайды. Таңдалған тапсырманы орындау барысында балада жоғары ынта жəне терең зейін шоғырлануы туындайды. Бұл біртіндеп баланы ішкі ұйымына əкеледі. Мектепке дейінгі балалар үшін, ересектердің оларға қамқорлығынан гөрі кішіге, жақындарына қамқорлық жасау, маңыздырақ. Сондықтан топтарымыз аралас жастағы балалардан құрылады.. Үлкендер кішілерге көмектеседі - бұл өз бетінше жұмыс істеу, қамқорлық жасау дағдыларын тəрбиелейді, топтағы қарым-қатынасты отбасылық қарымқатынасқа жақындатады . Монтессори тобында балаларға əлеуметтік өмірге араласуға жəне бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беріледі: - материалды таңдау еркіндігі; - материалмен жұмыс істеу уақытын жəне ұзақтығын таңдау еркіндігі; - жұмыс істеу орнын таңдау еркіндігі; - серіктес немесе серіктестерді таңдау еркіндігі; - педагогпен немесе басқа балалармен қарым-қатынас жасау еркіндігі. Бұл, бір жағынан, баланың əртүрлі тəжірибені алу мүмкіндігін береді, екінші жағынан, баланың өз жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында басқалардың қажеттіліктерін ескеріп, өзін шектей білуін талап етеді, сондықтан топта мінез-құлық ережелері түрінде шектеулер бар: BALA BI б ө бе кжа й ба л а ба қ ш а с ы M O N T E S S O R I +7 771 262 7284; Шаймерденова, 5 «Егер алдыңда жатса кілемше, айналып өт ендеше!» (Кілемшенің қызметі - жеке автономия аймағын анықтау). «Не алсақ та топтан біз, орнына оны қоямыз!» «Бір-бірімізге жасамаймыз кедергі, көмектесіп жүреміз біз үнемі» «Өз өзіме жасауға көмектес!» Ережелердің басты мақсаты - əр баланың жəне ұжымның жалпы мүдделерін қорғау. Педагогтың рөлі – көмекші, тəлімгер жəне делдал рөлі. Егер бала белсенді болмаса, педагог үш кезеңдік сабақ немесе жаңа материалдың презентациясын көрсету арқылы оны əрекетке ынталандырады. Бұл кезде балаға белгілі бір материалмен жұмыс істеу əдісі, жаңа білім алу процесі, ақпараттар, ұғымдар, анықтамалар қысқа əрі толық түрде беріледі. Содан кейін балаға өз бетінше жұмыс істеу ұсынылады. Педагог көмекті тек балаға қажет болған жағдайда ғана көрсетеді. Ұраны: «Маған мұны өзім жасауға көмектес». Презентация соңында педагог бала жасаған жұмысын тексеруін көрсетеді. Бала қателерді байқап, керектігін есте сақтайды. Сонымен қатар педагог топтағы балалармен қандай да бір тақырып бойынша (даму деңгейі, қызығушылықтары бойынша топтасқан 4-6 бала) топтық сабақтар, 15- 30 минуттық жалпы сабақтар, материалды зерделеу, бекіту бойынша бірлескен əрекеттер, сызық бойындағы жұмыс, шеңберлер, жобалар бойынша сабақтар жүргізеді. Біз балаларымызға, олардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сенеміз жəне тəрбиеленушілерімізді мектепке ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы өмірге дайындай аламыз